Skip to main content

«ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор лауазымына жарияланған конкурс қорытындысы бойынша хабарландыру

«ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор лауазымына жарияланған конкурс қорытындысы бойынша хабарландыру

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Конкурстық комиссия «ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор лауазымына келесі кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдады:

1) Сұлейменов Айдос Жұмагелдыұлы;

2) Нургазинов Айтуар Ерланович;

3) Аманбаев Бахтияр Аманжанович;

4) Жанагизов Кайрат Муратович;

5) Алин Жанат Дулатбекович;

6) Несипбеков Максат Харатович.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқармасының мүшесі болып Гүлмира Исабекова тағайындалды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқармасының мүшесі болып Гүлмира Исабекова тағайындалды

Бүгін Директорлар кеңесінің шешімімен Гүлмира Болатқызы Исабекова «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі болып сайланды. Жаңа қызметінде ол E-otinish жүйесін, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын және мемлекеттік органдарға арналған бұлтты шешімдерді қоса алғанда, негізгі цифрлық сервистерді дамыту мен сүйемелдеуге жауапты болады.

NITEC Fitch агенттігінен «BBB» деңгейіндегі инвестициялық кредит рейтингін алды

NITEC Fitch агенттігінен «BBB» деңгейіндегі инвестициялық кредит рейтингін алды

Халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға (NITEC) шетел және ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақмерзімді дефолт рейтингін (Issuer Default Ratings, IDR) «BBB» деңгейінде, тұрақты болжаммен берді. Бұл шешім компанияның халықаралық деңгейдегі тұрақтылығын және Қазақстан үшін стратегиялық маңызын мойындаудың маңызды көрсеткіші болды.

OSZAR »