Skip to main content

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Бос лауазымның атауы: Тәуелсіз директор

  1. Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директорлары үміткерлеріне қойылатын біліктілік талаптары осы хабарландыруға №1 қосымшада көрсетілген.

Қосымша құпталады:

- АТ-инфрақұрылым, ақпараттық қауіпсіздік немесе цифрлық трансформация саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;

- ақпараттық қауіпсіздік, АТ-инфрақұрылым, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы жеке сектордағы жұмыс тәжірибесі.

  1. Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры болып келесі тұлғалар сайланбайды:

1) заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

2) бұрын акцияларды мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлғалар. Көрсетілген талап акцияларды мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде міндеттерді орындауға кедергі келтіретін өзге де шектеулері бар.

  1. Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;

2) үміткердің түйіндемесі;

3) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;

7) оның экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар (бар болса);

8) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған үміткер туралы мәліметтер;

9) «Тәуелсіз директор» сертификатынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) Құжаттарды қолма-қол ұсынған жағдайда (немесе құжаттарды Жалғыз акционерге жіберген жағдайда) осы конвертте қатысушының (үміткердің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі.

Конверт:

1) Жалғыз акционердің және Қоғамның интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша Жалғыз акционерге жіберілуі;

2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директорларын іріктеу» деген сөздер қамтылуы тиіс.

Іріктеуге қатысушы (үміткер) өтінімді Құжаттармен бірге электрондық поштаға жіберген кезде Іріктеуге қатысушы (үміткер) олардың дұрыстығына, сондай-ақ ұсынылатын құжаттардың сапалы бейнеленуіне жауаптылықта болады.

Жұмыс шарттары:

Жалдау нысаны: шарт

Тәуелсіз директор лауазымына іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлер келесі құжаттарды келесі мекенжайлар бойынша жолдайды:

  • [email protected] электрондық мекенжайына;
  • немесе пошта байланысы арқылы: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/5 С 2.4.

Хабарландыруды орналастыру күні: 2025 жылғы «23» мамыр.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні: 2025 жылғы «2» маусым.

Қосымша:

  1. Тәуелсіз директорға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
  2. Өтініш нысаны;
  3. Тәуелсіз директор лауазымына үміткер туралы мәліметтер нысаны.
OSZAR »